Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

2022 жылғы 3 маусымда Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дінаралық диалогтағы рөлі» тақырыбында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын өткізді.

Бұл жолы клубтың отырысы Орал епархиясының Архангел Михаил соборында өтті (өткен кездесу Орталық мешітте өткізілді).

Отырысқа «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» қызметкерлері - Басқарма Төрағасының орынбасары Д.Б.Есенова және жиынтық-талдау департаментінің бас сарапшысы Р.Ж.Кәдіров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің өкілі Д.Н.Жұмабаева, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында дінаралық диалог, пандемиядан кейінгі кезеңдегі дін қайраткерлерінің рөлі, әйелдердің рөлі, жастарды тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Д.Б.Есенова Съездің тарихын, негізгі басымдықтары мен миссиясын айтып, Клуб қатысушыларын алдағы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне баяндамашы ретінде қатысуға шақырды.

Клуб отырысы бейресми жағдайда өтті, әр түрлі конфессия өкілдері диалог жүргізіп, пікір алмасып, бір-бірін тыңдап, мазмұнды болды.