Діни сауаттылықты арттырудың маңызы зор

Діни сауаттылықты арттырудың маңызы зор

2022 жылдың 26 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық дін істері басқармасының басшысы А.Раманкуловтың, қоғамдық қордың теолог маманы А.Құлымбекұлы, исламтанушы Б.Байғазиева және психолог Ш.Кеңесқызының қатысуымен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттерімен «Дін және жастар» тақырыбында кезекті «AMANATIMES» форматында кездесу өткізілді. 

Шараның мақсаты - салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды одан әрі насихаттауға, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымды қалыптастыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеу және жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар ету.

Кездесуде спикерлер тарапынан діни сауаттылықтың төмендігі жастардың тура жолдан адасуына әкеп соғатынын, жастарға жат ағымдардан қалай сақтану қажеттігі және кез келген діни ақпаратты аларда сақтық таныту тиістігі айтылды.

Аталған басқосуда студенттер діни тақырып аясында өздерін толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды.

Алдағы уақытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын табады.