Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев облыс имамы мен тұрғындарды мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев облыс имамы мен тұрғындарды мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев Орал облыстық орталық мешітіне арнайы барып, облыс имамы мен тұрғындарды мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Ораза айы – сабырлық пен қамқорлыққа үндейтін, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы. Баршаңызға ұстаған оразаларыңыз, жасаған әрбір қайырлы істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қасиетті Ораза айы әрбір шаңыраққа шаттық пен мол игілік әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деп тілегін білдірді.