
10 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы облыстық ақпарттық-түсіндіру тобы мүшелері мен БАҚ өкілдеріне арналған екі күндік оқыту семинарының бірінші күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – діни саладағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері мен БАҚ өкілдері құрамының біліктілігін арттыру, халықтың нысаналы топтары үшін діни экстремизм идеяларының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізудің жұмыс әдістерін жетілдіру.
Семинар барысында саясаттанушы, шығыстанушы, қоғам қайраткері Р.Жұмалы «Діни экстремизмнің Қазақстан мен Орталық Азиядағы сипаты», «Исламның саясилану үрдісі және Таяу Шығыс елдері» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Шара соңында оқыту семинарына қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оларды кеңінен талқылауға мүмкіндік алды.