«Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған әйелдер арасында «Оқу – білім бұлағы» атты интеллектуалды сайыс оздырылды

«Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған әйелдер арасында «Оқу – білім бұлағы» атты интеллектуалды сайыс оздырылды

Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған әйелдер арасында «Оқу – білім бұлағы» атты интеллектуалды сайыс оздырылды.

Алғы сөз дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының міндетін атқарушы М.Кабдоллин және Алматы қаласынан арнайы келген дінтанушы, философия ғылымдарының PҺd докторы Қайсар Назарбек сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа 5 топ қатысты. Қазақтың салт-дәстүрі мен туған өлке тарихы, қазақ ағартушылары туралы сұрақтармен викторина өткізілді. Сондай-ақ ұлттық тағамдарды дайындаудан байқау өткізілді.

Шара соңында теолог-маман Н.Данаева қатысушыларға алғысын айтып, салт-дәстүр мен діннің сабақтастығы, білімнің маңыздылығы жөнінде сөз сөйледі. Жүлделі орын иелеріне ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтары табысталды.