
2022 жылдың 3-4 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен облыстық имамдар және теолог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда имамдар мен теологтардың рөлі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Діни қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған екі күндік семинарда дінтанушы, философия ғылымдарының Phd докторы Қ.Назарбек дәріс оқыды.
Шара барысында «Терроризм және діни экстермизм», «Халықаралық террористік және діни экстремистік ұйымдардан төнетін қауіп-қатерлер» жөнінде жан-жақты ақпараттар айтылды. Сондай-ақ «Интернет кеңістігіндегі діни үгіт-насихаттар: ерекшеліктері және қауіп-қатерлері» және «Деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс істеудің жолдары» туралы кеңінен түсіндірілді.
Семинар соңында Қ.Назарбек қатысушыларға сертификат табыстап, діни тұрақтылық жолында атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тіледі.