«Қамқор» қайырымдылық акциясы

«Қамқор» қайырымдылық акциясы

2019 жылдың 19 қазанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, облыстағы діни бірлестіктердің қолдауымен Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Қамқор» қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылық  акцияның негізгі мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық  көмек беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қасиеттерді  бойына дарыту, діни экстремизм мен  терроризм алдын алу.

Қайырымдылық акциясына аз қамтылған көпбалалы аналар, жазасын өтеп шыққан азаматтар мен олардың отбасылары, «Жусан» операциясы аясында елге оралған әйел азаматшалар, отбасылық үлгідегі балалар ауылының және «Шаңырақ» жасөспірім үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Акция шеңберінде балаларға арнайы аниматорлар шақыртылып, әр түрлі ойындар ойнатылды. Көпшіліктің діни сауаттылығын арттыру, жат ағымнан сақтау мақсатында «Жәннат» драмалық қойылым сахналанды. Өмірдің ащы шындығын бейнелеген қойылымды көрермен бір деммен тамашалады. Қойылымның әсерлі болғаны соншалықты көрермен бір отбасының аянышты халдеріне, қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғаларға куә болғандай көздеріне жас алды.  Көрермен қойылым соңында театр ұжымына алғыс айтып, шығармашылық табыс тілеп, адал ниеттерін білдірді.

Қойылымнан соң келген қонақтарға фуршет ұйымдастырылды.

 

Sunnet.kz