Имамдар мен теологтардың кәсіби деңгейі артты

Имамдар мен теологтардың кәсіби деңгейі артты

2022 жылдың 22 ақпанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университетінің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Н.Ж.Стамбакиевтің қатысуымен имамдар мен теолог мамандардың кәсіби деңгейлері мен біліктіліктерін арттыруға бағытталған «Ханбали мазхабы бойынша намаз оқу үлгісінің «сәләфи» бағытынан айырмашылықтары» тақырыбындағы оқыту-семинары өткізілді. Семинарда деструктивті діни ағымдардан алдын алу бағытындағы өзекті болып саналатын бірнеше тақырыптар талқыға салынып, мазмұнды әрі пайдалы басқосу болды.