
2022 жылдың 21 ақпанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты РУ-170/2 және РУ-170/3 түзету мекемелерінде терроризм және экстремизм бабымен жазасын өтеуші азаматтар арасында «Нұр-Мүбарак» университетінің исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Н.Ж.Стамбакиевтің қатысуымен «Құран және сүннеттің мағынасын дұрыс түсінудің маңыздылығы» тақырыбында жалпы және жеке кездесу өтті.
Кездесу барысында мазхабтар арасындағы айырмашылық, аят пен хадистерді дұрыс түсіну және шариғаттың негізгі үкімдерін білмеген адамның қателікке бой алдыратыны туралы айтылды. Сонымен сотталған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.