Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.Раманкулов пен ҚМБД БҚО өкілі бойынша бас имам Б.Сабралиевтің қатысуымен имамдар арасында кездесу өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.Раманкулов пен ҚМБД БҚО өкілі бойынша бас имам Б.Сабралиевтің қатысуымен имамдар арасында кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.Раманкулов пен ҚМБД БҚО өкілі бойынша бас имам Б.Сабралиевтің қатысуымен имамдар арасында кездесу өткізілді. Кездесуде басқарма мен өкілдік арасында 2022 жылға бекітілген бірлескен іс-шаралар жоспары талқыға салынып, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтар болсақ:

- Теріс діни ағымға қарсы іс-қимылды жетілдіру. Дін қызметкерлерінің оңалту жұмыстарына қатысты үлесін арттыру;

- Кадр мәселесін қалыптастыруға жаңа серпін беру мәселесі. Болашақ дін саласының мамандарын қызметпен қамтамасыз ету;

- Облыс деңгейінде құрылысы жүріп жатырған ғибадат үйлерінің жай-күйі;

- Халық арасында діни рәсімдерді жүргізіп жүрген арнайы куәлігі немесе бұйрығы жоқ азаматтардың қызметтерін реттеу мәселелері талқыға салынды.

Туындаған сұрақтар мен пікірлерге жауап алмасып, мазмұнды және нәтижелі басқосу өткізілді.