
Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9 ақпан күні әлеуметтік-материалдық мәселелері бойынша «Жусан» операциясы аясында қайтарылған азаматшаларымен әлеуметтік сала мамандары кездесу өткізді.
Кездесу барысында Орал қаласы «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары қайтарылған әйелдерге құқықтық-әлеуметтік сұрақтарына кеңес беріп, шешу жолдарының көрсетті. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан берілетін өтеусіз, кәсіпкерлік гранттар туралы, мамандық бойынша оқыту және атаулы әлеуметтік көмек туралы біршама ақпарат жеткізілді.