Облыстық діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

Облыстық діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 3 ақпанында Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының базасында облыстық діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті.

           Отырысқа БҚО бойынша террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне кіретін діни бірлестіктердің басшылары, БҚО полиция департаментінің өкілі және діни қызмет саласындағы мамандар қатысты.

          Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша БҚО полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі А.В. Гусев сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы заңнамасының мәселелері және терроризм актісі қатері кезінде халықтың мінез-құлық қағидалары қаралды, сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметінде ескерілуі қажет заңнамадағы өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

           Екінші мәселе бойынша БҚО Дін істері басқармасының мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Д.А. Мукателов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында баяндама жасады.

         Отырыс соңында қатысушылар көтерілген тақырыптар бойынша нақтылаушы сұрақтар қойып, пікір алмасты.