Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2021 жылдың 10 желтоқсанда БҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығындағы мемлекеттің дін саласындағы саясатын және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісімдегі үлесін бағалай білу, тәуелсіз жастардың отаншылдық сезімдерін қалыптастыру

Аталмыш шараға діни бірлестіктердің өкілдері және жастар ұйымының еріктілері, БҚО жастар ресурстық орталығы және Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қатысты.