
Отырысқа Кеңестің тұрақты мүшелері, яғни мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, жоғары білім беру мекемелерінің, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 4 мәселе қаралды. Бірінші сұрақ бойынша БҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Орталық) басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Адайхан облыс тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында зайырлы құндылықтарды ілгерілету жұмысы туралы баяндама жасады. Отырыс барысында Орал қаласы және аудан деңгейде құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының (әрі қарай - АТТ) қызметіне талдау жасалды. Талдау қорытындысы бойынша АТТ жұмысын жандандыру бойынша ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, Қаратөбе және Бәйтерек ауданындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жағдайы туралы баяндамалар тыңдалды. БҚО дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қаратай әкімдіктерге профилактикалық жұмыс шеңберінде ҚР АҚДМ Дін істері комитеті дайындаған әдістемелік құралдарды басшылыққа алып, алдын алу жұмыстарымен тұрғындардың тәуекел топтарын қамтуға баса назар аудару қажеттігін айтты.
Орталық басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Адайхан АТТ-ның келесі жылғы жұмыс жоспарына шалғай жатқан елді мекендерде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мемлекет құрылымының зайырлық қағидаттарын нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізуді қосуды ұсынды.
Отырыс соңында А.Қаратай Кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарынмен таныстырды. Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, елімізде әрқашан да тыныштық, рухани келісім, молшылық пен береке үстем бола берсін деп өз тілегін білдірді.