Жазасын өтеуші діндар азаматтарға «Қазақ хандығы» атты тарихи фильм көрсетілді

Жазасын өтеуші діндар азаматтарға «Қазақ хандығы» атты тарихи фильм көрсетілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 мекемесінде жазасын өтеуші діндар азаматтарға «Қазақ хандығы» атты тарихи фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – жазасын өтеуші діндар азаматтарға ұлттық салт-дәстүрімізді, тарихымызды, дұрыс діни құндылықтарды саналарына сіңіру.

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Б.Құсайынов топтық кездесу ұйымдастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен және ислам тарихынан викториналық сұрақтар қойып, шағын сыйлықтар үлестірілді.