Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы «Нұр-Мүбарак» университетіне іс-сапармен барды

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы «Нұр-Мүбарак» университетіне іс-сапармен барды

2021 жылдың 2 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.Раманкулов «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат және университет проректоры, доцент Қ.Құрманбаевпен кездесіп, Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатын табыстады.

Кездесу Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Нұр-Мүбарак» университетінің арасындағы екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қоюмен жалғасты.

Одан кейін Басқарма басшысы «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жатырған бітіруші батысқазақстандық түлектермен кездесу өткізіп, студенттердің жағдайларымен танысып, жыл сайын облыс әкімінің гранттары бөлініп дін саласында білікті мамандар қажет екендігін атап өтіп, облыстағы бос жұмыс орындары мен қызметке орналасу мүмкіндіктері жөнінде айтып өтті.