Теміржол қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Теміржол қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

2021 жылдың 21-22 қазан аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Б.Адайхан, Б.Құсайынов қатысты. Қызметкерлерге деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары және ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы түсіндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы еркін сұхбат форматында өтті, қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.