Жатақхана студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жатақхана студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2021 жылдың 14-20 қазан аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының қолдауымен, Орал қаласындағы жоғары оқу орындары мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжнің жатақхана студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің мақсаты - діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру және діни-құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына Б.Кусаинов, Б.Адайхан, Е.Ихсанов, Ж.Ерсайынов, А.Куан, Е.Кенжин және т.б. теолог мамандар қатысты.