
2021 жылдың 14 қыркүйек - 11 қазан аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 курс студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтардын насихаттау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулерге облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Тулегенов, Б.Адайхан, А.Ерланұлы, Б.Кусаинов, Ж.Ерсайынов, Н. Убаев, Е.Кенжин, Б.Самиғолла тартылды. Кездесулер барысында «Ата-ананың разылығынсыз намаз оқуға болама?», «Ислам дініне қатысты сұрақтарды қандай сайттардан алуға болады?», «Колледж қабырғасында хиджаб киюге бола ма?» және т.б. студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.