Рухани келісім күніне арналған «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында мерекелік іс-шара

Рухани келісім күніне арналған «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында мерекелік іс-шара

2021 жылдың 18 қазанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Орталық) ұйымдастыруымен «Set Seil» паркінде Рухани келісім күніне орай «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Жиынға облыстағы діни бірлестіктердің өкілдері, Батыс  Қазақстан облысы дін істері басқармасы және Орталықтың мамандары, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртістері қатысты.

Шара барысында Орталық басшысының міндетін атқарушы М.Кабдоллин және діни бірлестіктердің өкілдері атаулы мерекеге орай құттықтауларын жеткізді. Шараға қатысушылар асық ату, садақ ату және басқа да қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, топ-топқа бөлініп, күш сынасты. Шағын жарыстың қорытындысы бойынша діни бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Шара соңында ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастархан жайылды.