Жеке спорт клубтарының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

Жеке спорт клубтарының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді

2021 жылдың 29 шілде – 3 тамыз аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жеке инвестиция есебінен салынған спорт кешендері мен клубтарының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Түсінік жұмыстары аясында «Кикбоксинг олимпия»,  «KUDO», «Тхэквондо», «Emir top team», «Muharib top team», «Араши каратэ, ММА», «Тхэквондо АТF», «SVR TOP TEAM» спорт клубтары қамтылды. Кездесулер барысында теолог мамандар тарапынан діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына жол бермеу мақсатында дұрыс ақпарат көздерін қолдану жөнінде айтылды.