Облыстық ақпаратық-түсіндіру тобы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, БАҚ өкілдеріне арналған екі күндік онлайн оқыту семинары оздырылды

Облыстық ақпаратық-түсіндіру тобы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, БАҚ өкілдеріне арналған екі күндік онлайн оқыту семинары оздырылды

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12-13 мамыр күндері Zoom қосымшасы арқылы облыстық ақпаратық-түсіндіру тобы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, БАҚ өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – дін саласында түрлі сұрақтарға жауап беретін, тұрғындармен, нысаналы топтармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру.

Семинар барысында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының  аға оқытушысы, PhD докторант Н.Стамбакиев «Исламдағы діни толеранттылықтың негіздері», «Діни үкімдердің мезгіл мен мекенге сәйкес өзгеруі», Әл-Азхар университетінің түлегі, ислам шариғатының магистры Р.Чингужанов «Шариғатты хронологиялық түсінікте қабылдау», «Радикализмнің белгілері және алдын алу жолдары» тақырыптарында дәріс оқыды. Шара соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, пікір алмасты.