Оқушылар арасында дінтанушы мамандардың қатысуымен онлайн кездесулер өтуде

Оқушылар арасында дінтанушы мамандардың қатысуымен онлайн кездесулер өтуде

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен 2021 жылдың 15 ақпанында дінтанушы-теолог мамандардың қатысуымен мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (әрі қарай – АТТ) басталды.

Мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен зайырлық мәселесін түсіндіру, деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу.

Кездесулер барысында қарастырылатын тақырыптар:

  • Деструктивті культтер, экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізгі принциптері мен тәсілдері;
  • Діни экстремизм: пайда болу себептері, негізгі сипаттары және қарсы тұру амалдары;
  • Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері;
  • Дәстүрлі құндылықтар және олардың дінмен өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер;
  • Дін мен дәстүрдің өзара байланысы;
  • Дін саласындағы құқықтық заң бұзушылықтың салдары;
  • Интернет ресурстарда теріс діни идеологияны насихаттайтын парақшалардың қауіптілігі.

АТТ жұмыстары онлайн форматта «Zoom» қосымшасы арқылы Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары арасында жүзеге асырылады.

Жоспарға сәйкес а.ж. 15-16 ақпанында теолог мамандар А.Нұрахметұлы, А.Раманкулов, А.Наурызов, О.Әміреев және Е.Гатауов №1, Ж.Молдагалиев атындағы №2, №3, №4, №5 және А.С.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ-де түсінік жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қатысушылар назарына жастардың қоғамдағы рөлі, дәстүрлі діндердің ерекшелігі, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, оларға еріпкетпеу амалдары,әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және т.б. ақпараттар ұсынылды.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

АТТ жұмыстары 2021 жылдың 17 наурызына дейін жалғасын табады.