Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында студент жастармен кездесулер өтті

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында студент жастармен кездесулер өтті

Бүгінгі күні кез келген діни ғимараттағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтыны баршамызға мәлім. Бұл қоғамдағы дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді.Соның ішінде радикалды идеялардың жастар арасында өткірлігі соншалық  жат ағымдарға еліктеу,ел арасына іріткі  салу сияқты әрекеттер белең алуда.

Осыған орай 2021 жылдың 9-12 наурыз аралығындажастар арсында теріс бағыттағы идеологияға қарсы иммунинетқалыптастыру мақсатындаБатыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен жоғары оқу орындарының студенттерімен оффлайн және онлайн форматында кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесу барысында теолог мамандар дін мен дәстүр сабақтастығы, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан жастарды сақтандыру сияқты өзекті мәселелерге тоқталып, жастарды күмәнді бағыттағы діни топтардың  ықпалына түспеуге, еліміздің гүлденуі үшін білімді меңгеріп, табысты еңбек етуге  шақырды.