Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» басшысының орынбасары тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» басшысының орынбасары тағайындалды

2021 жылдың 24 ақпанда Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы басшысы Мақсат Раманқұлов Орталық ұжымына Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Мейрамбек Ержанович Кабдоллинді таныстырды.

Мейрамбек Ержанович Кабдоллин 1989 жылы БҚО Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Өндеу өндірістерінің технологиясы" мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Отбасы жағдайы: үйленген, үш бала тәрбиелеп отырған әке.

 Алғашқы еңбек жолын 2012-2014 жж. Тасқала ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастап, 2014-2015 жж Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына конкурс арқылы ауысқан. 2015 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан Облысы бойынша департаментіне консультант лауазымына орналасып, 2021 жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы лауазымынан босатылды.