Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру, діни объектілердің санитарлық талаптарды сақталуын қадағалау мақсатында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.А.Раманқұлов Орал қаласының ғибадат үйлерін аралап, облыстағы конфессиялардың басшыларымен кездесті.
Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 11-19 ақпан аралығында Басқарма басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Мұратбек Қыстаубаевпен, «Орал Епархиясының Архангел-Михаил собор приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің басшысы, архимандрит А.В.Курьяновпен (Феодосий), Батыс Қазақстан Латын дәстүрдегі Католиктер үшін «Атырау Рим-Католик Апостолдық әкімшілігінің» Орал қаласындағы филиалы «Қасиетті құдай ана қажырлы жәрдем «Рим-Католик Приходының басшысы Л.Ф.Немецпен, «Ізгі хабар жарығы» Інжілдік Мәсіхші Баптистердің Қауымы жергілікті діни бірлестігінің басшысы А.С.Димитровпен, «Батыс Қазақстан облысының Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Р.В.Гринцивпен, «Орал қаласы «Жаңа Өмір» Евангельдік сенімінің мәсіхшілер Сенушілер Қауымы» жергілікті діни бірлестігінің пасторы Р.Б.Бекбосыновпен, «Христиан-пресвитериан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы А.Б.Гусмановамен, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы «Өмір бұлағы» Христиандық Інжілдік Елуліктер Шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Е.Г.Киммен кездесті.
Кездесулер барысында діни бірлестік өкілдері облыстағы діни ахуал жөнінде ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты. Басқарма басшысы облысымызда ресми тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалғанын, қолданыстағы заңнама аясында миссионерлік қызметті жүзеге асыру, діни іс-шараларды, дінтану сараптамаларын жүргізу, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату тәртібі нақты айқындалғанын жеткізді. Сондай-ақ ағымдағы жылы діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен зайырлық қағидаттары мен конфессияаралық келісімді нығайтуға, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланғаны жөнінде ақпараттандырды.
Діни бірлестік басшылары өз кезегінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша тіркелген діни бірлестіктер, олардың филиалдары мен ғибадат үйлері» жинағына қажетті ақпаратты жинақтауға көмек көрсетуге, дінаралық және ұлтаралық татулықты нығайту, адамгершілік құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға дайын екендігін айтты