
Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Стратегиялық сессия» күндері шеңберінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының, «Дін мәселелерін зерттеу орталағы» коммуналдық-мемлекетік мекемесінің мамандарымен, теолог, дінтанушыларымен және дін саласы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен онлайн-кездесу өткізді.
Онлайн кездесуде былтырғы атқарған шараларға талдау жасалып, стратегиялық бағыттарға және келесі жылғы жоспарларына байланысты бірқатар ұсынымдар берілді. Сала мамандары өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.