Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің дінтанушы маманы (санаты В2-4; 2 бірлік);

Лауазымдық жалақы: 159 628 –  172 476 т.

Функционалдық міндеттері: Ұйымдарға діни экстремизмнің алдын алу шараларын өткізуге әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік көмек көрсету. Діни ахуалдарға зерттеу, талдау және мониторинг жүргізу. Исламдық және басқа да конфессия бойынша діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани білім беру ұйымдарының қызметін зерттеу.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) гуманитарлық ғылымдар (дінтану, исламтану, теология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология), журналистика  мамандықтары бойынша білімі. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама  ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Ғ.Қараша көшесі, 33/2 2 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mail.ru; телефон: 87474952664. 

       

Дата публикации
09 апреля 2026