Медиа және ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің инспекторы (санаты С2; 1 бірлік);
Лауазымдық жалақы: 159 628 – 172 476 т.
Функционалдық міндеттері: .«Кибернадзор» жүйесі және «АИК» бағдарламасы арқылы интернет желісіндегі заңсыз контент анықтау және бұғаттау бойынша жұмыстарды бақылау және ұйымдастыру. Діни ахуалды, діни ұйымдардың және т. б. ағымдағы мәліметтерді талдау. Әлеуметтік желілер үшін дизайн тұжырымдамаларын, логотиптерді, жарнамалық материалдарды, визуалды мазмұнды әзірлеу; баннерлер мен логотиптерді оңтайландыру.
Үміткерге қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, тілдер, кәсіпкерлік, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, әлеуметтік білім, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);
4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Г.Қараш көшесі, 33/2 2 бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mai.ru; телефон: 87474952664.