269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 222 797,0 мың теңге, наурыз айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 176 427,0 мың теңге, төлемдер бойынша – 64 187,0 мың теңге.
Орындалуы 100 пайызды құрады. Орындалмауы 30,9 мың теңге.
269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.
Жылдық қаржыландыру жоспары 152 233,0 мың теңге, наурыз айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 64 691,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 27 164,0 мың теңге.
Орындалуы 98,8 пайызды құрады. Орындалмауы 324,9 мың теңге.