Орындалу сатысындағы бюджет 2025 жылдың қыркүйек айы

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету. 

Жылдық қаржыландыру жоспары 224 617,0 мың теңге, қыркүйек айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 209 720,0 мың теңге, төлемдер бойынша  – 138 937,0 мың теңге.

Орындалуы 99,9 пайызды құрады. Орындалмауы 96,4 мың теңге.

 

269.003  «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және кеңсе жиһаздармен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 2 978,0 мың теңге, қыркүйек айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша - 2 978,0 мың теңге, төлемдер бойынша - 2 978,0 мың теңге.

Орындалуы 99,4 пайызды құрады. Орындалмауы 17,9 мың теңге.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты интерактивті тақтамен қамтамасыз ету.

Жылдық қаржыландыру жоспары 1 500,0 мың теңге, қыркүйек айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша – 1 500,0 мың теңге. Орындалуы 99,3 пайызды құрады. Орындалмауы 10,4 мың теңге.

 

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы.  

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

Жылдық қаржыландыру жоспары 153 916,0 мың теңге, қыркүйек айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер бойынша – 125 943,0 мың теңге, төлемдер бойынша– 114 293,0 мың теңге.

Орындалуы 100 пайызды құрады. Орындалмауы 18,5 мың теңге.

Дата публикации
02 октября 2025