269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 191 729,0 мың теңге, желтоқсан айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша 191 729,0 мың теңге. Орындалуы 100% құрады. Ерекшеліктер бойынша қалдық құны 0,7 мың теңге.
269.003 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 5 251,0 мың теңге, желтоқсан айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша 5 251,0 мың теңге. Орындалуы 98,4% құрады. Орындалмауы 82,2 мың теңге.
269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.
Жылдық қаржыландыру жоспары 7 784,0 мың теңге, міндеттемелер және төлемдер бойынша желтоқсан айында 7 784,0 мың теңге. Орындалуы 92,1% құрады. Орындалмауы 617,7 мың теңге.
269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
бюджеттік бағдарламасы.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.
Жылдық қаржыландыру жоспары 70 818,0 мың теңге, желтоқсан айындағы жоспарға сәйкес міндеттемелер және төлемдер бойынша 70 818,0 мың теңге. Орындалуы 100% құрады. Ерекшеліктер бойынша қалдық құны 0,7 мың теңге.