|
|
Мемлекеттік әлеуметтік |
2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
«Батыс Қазақстан облысы тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы насихаттау, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында іс-шаралар өткізу» |
129 467 000 тг |
Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешендік жоспары
|
БҚО тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар, жастар, әйел жамағаты, спорт үйірмелері, дін саласының мамандары, оқырмандар клубтары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, еріктілер, NEET санатындағы жастар, мектеп оқушылары мен ата-аналары, жасөспірімдер үйлеріндегі тәрбиеленушілер, өзін-өзі қамтушы сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын азаматтар, қоғамдық-көлік ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметкерлері, таксистер, «Жусан» операциясы аясында өңірге оралған азаматшалар мен олардың балалары, терроризм және экстремизм баптары бойынша жазасын өтеуші және сотталып, жазасын өтеп шыққан азаматтар мен олардың отбасы мүшелері және тағы да басқа мақсатты аудиториялар. Ақпараттық кеңістік, әсіресе белсенді әлеуметтік желілердің оқырмандары, |
Діни негізде радикалдық идеологияға ұшырауға бейім адамдар және жастар арасында экстремизм мен терроризм идеяларын қажет етпейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қоғамның діни сауаттылығының артуы. БҚО аумағында діни негізде радикалдық идеологияға ұшыраған адамдар арасында экстремизм мен терроризм идеяларын қажетсінбейтін, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыруға бағытталған оңалту бағытында, түсіндіру және діни радикализмнің алдын алу жұмыстары нәтижесінде теріс діни ағым идеологиясына қарсы имунитеттің қалыптасуы. Бұқаралық ақпарат құралдары және интернет, әлеуметтік желілер арқылы радикалды идеологияға деген иммунитетті, діни қатынасатар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ағартушылық және қарсы-насихат жұмыстары нәтижесінде ақпараттық кеңістіктегі оқырмандар мен қаралым сандарының артуы. |
2023 жылғы "21 " қазан жағдайы бойынша