Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 10 сәуірдегі №2-1 шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін қайта бекіту

269.001 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»   бюджеттік бағдарламасы –

194 984,0 мың теңге.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - облыстың  дін қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету.

 

269.003  «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы – 5 251,0 мың теңге.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - мемлекеттік органның күрделі шығыстары есебінен басқарманы компьютермен және лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

 

269.004 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы - 1 770,0 мың теңге.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі) - Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары есебінен Орталықты лицензиялық операциялық жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларымен қамтамасыз ету.

 

269.005 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау»
 бюджеттік бағдарламасы – 67 194,0 мың теңге. 

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негiздемесi) - өңірде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

 

Дата публикации
04 мая 2023