Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін бағалау туралы ақпарат

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
5-қосымша

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін бағалау туралы ақпарат

 

Әлеуметтік жобаның атауы

Өнім берушінің атауы

Шарт сомасы (мың теңге)

Мақсаттары мен міндеттері

Жобаны іске асыру кезеңі

Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар

Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады)

Жобаның бағалау (орташа бағасы)

 

«Батыс Қазақстан облысы тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы насихаттау, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында іс-шаралар өткізу»

 

«Аманат-Жайық» қоғамдық қоры

 

56 891 071тг

 

Діни негізде радикалдық идеологияға ұшырауға бейім адамдар және жастар арасында экстремизм мен терроризм идеяларын қажет етпейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу, ақпараттық-түсіндіру, қарсы-насихат және оңалту жұмыстарын жүргізу.

 

 

2022 жыл

 

Әлеуметтік жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ашық конкурс арқылы ұйымдастырылды. 01.12.2022 күні  бойынша келісімшарт негізінде бөлінген қаражаттың  85%-ы игерілді. Желтоқсан айының 15-не дейін қалған қаражатты игеру көзделуде. Қаражаттың көрсетілген мерзімге дейін игерілуіне кедергі болатын жағдай анықталмады.

Әлеуметтік жоба дін саласындағы радикализмге қарсы іс-қимылдың негізгі 3 бағытын қамтыған:

- ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,

- оңалту бағытындағы жұмыс,

- бұқаралық ақпарат құралдары және интернет, әлеуметтік желілер арқылы жүргізілген жұмыстар.

Жалпы, жоба барысында іске-асырылған шараларды қоса есептегенде 2022 жылы  «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры 11803 адамды қамтыған 827 іс-шара өткізді.

 

 

 

Дәстүрлі дінге бейімдеу және радикалсыздандыру бағытында 496 адамды қамтыған 696 жеке кездесу (соның ішінде түзету мекемелерінде 131 кездесу) өткізіліп нәтижесінде 25 адам дәстүрлі дінге оңалтылды.

Сонымен қатар 2934 адамды қамтыған топтық 54 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Медиа жұмыстарына арналған арнайы «Аманат-Таймс» студиясы іске қосылып, ақпараттық кеңістіктегі қордың барлық парақшаларына Ребрендинг жасалды. Подкаст жасауға арналған студия жасақталды (9 подкаст түсірілді)

Ақпараттық кеңістікте қазақ халқының ұлттық рухани салт-дәстүрін насихаттау, деструктивті діни ағым өкілдеріне қарсы иммунитет қалыптастыру және дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу бағытында жалпы 113 демотиваторлық материалдар дайындалып әлеуметтік желіге таратылды. Сондай-ақ, «Аманат-Жайық» ҚҚ діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған интернет желілерінің мониторингісін ұйымдастыру және өткізу бойынша әлеуметтік желіде 6000 деструктивті бағыттағы сілтеме анықталып, Кибернадзор бағдарламасына бұғаттауға жіберілді.

 

 

20 балл

(ең жоғары 20 баллдан)

 

Дата публикации
15 декабря 2022