2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылу қорытындылары туралы есеп

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
4-1-қосымша

 

Интернет-ресурста орналастыру
үшін мемлекеттік органдардың
есеп нысаны

2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылу қорытындылары туралы есеп

 

Әлеуметтік жобаның атауы

Өнім берушінің атауы

Шарт сомасы (мың теңге)

Мақсаттары мен міндеттері

Жобаны іске асыру кезеңі

Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар

Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады)

Жобаның бағалау (орташа бағасы)

 

«Батыс Қазақстан облысы тұрғындары, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және қарсы насихаттау, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында іс-шаралар өткізу»

 

«Аманат-Жайық» қоғамдық қоры

 

46 800 000

тг

 

Діни негізде радикалдық идеологияға ұшырауға бейім адамдар және жастар арасында экстремизм мен терроризм идеяларын қажет етпейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу, ақпараттық-түсіндіру, қарсы-насихат және оңалту жұмыстарын жүргізу.

 

 

2021 жыл

 

Әлеуметтік жоба бір көзден сатып алу жүйесімен жүзеге асырылды. Жобаға бөлінген қаражат (46млн 800 мың тенге) толықтай игерілді. .

Әлеуметтік жоба негізгі 3 бағытты қамтыды:

- ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,

- оңалту бағытындағы жұмыс,

- бұқаралық ақпарат құралдары және интернет, әлеуметтік желілер арқылы жүргізілген жұмыстар.

Жалпы жеке кездесу саны, онлайн және офлайн шараларды қоса есептегенде 2021 жылы  «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры 14 697 адамды қамтыған 981  іс-шара өткізді.

 

 

Дәстүрлі дінге бейімдеу және радикалсыздандыру бағытында 536 адамды қамтыған 843 жеке кездесу (соның ішінде түзету мекемелерінде 167 кездесу) өткізіліп нәтижесінде 25 адам дәстүрлі дінге оңалтылды.

Сонымен қатар жергілікті діндар жамағат арасында 525 адамды қамтыған топтық 26 іс-шара өткізілді.

Ақпараттық кеңістікте қазақ халқының ұлттық рухани салт-дәстүрін насихаттау, деструктивті діни ағым өкілдеріне қарсы иммунитет қалыптастыру және дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу бағытында жалпы 158 демотиваторлық материалдар дайындалып әлеуметтік желіге таратылды. Сондай-ақ, «Аманат-Жайық» ҚҚ діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған интернет желілерінің мониторингісін ұйымдастыру және өткізу бойынша әлеуметтік желіде 6600 деструктивті бағыттағы сілтеме анықталып, Кибернадзор бағдарламасына бұғаттауға жіберілді.

 

 

19,1 балл

 (ең жоғары 20 баллдан)

 

Дата публикации
09 декабря 2021