2021 жылдың қаңтар - қыркүйек айлары бойынша Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің ТАЛДАУЫ

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге талдау жүргізді.

2021 жылдың қаңтар- қыркүйек айлары бойынша Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 19 өтініш келіп түсті. Оның ішінде өтініштер – 14, шағымдар – 0, сұранымдар – 4, ұсыныстар – 1.

Келіп түскен өтініштердің Басқармамен қаралғаны – 18, орындау үстінде – 1, жоғарғы органға жіберілгені – 0.

Қарау қорытындысы бойынша түсініктеме берілді – 13, қанағаттандырылды – 5, бас тартылды – 0, тоқтатылды – 0.

Өтініштерді қарау бойынша Заң бұзушылықтар болған жоқ.

Өтініштердің басым бөлігі діни салаға қатысты мәселелерді құрайды.

 

 

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының

Әкімшілік бөлімінің басшысы - заңгер                                                А.Төлегенов

Дата публикации
30 сентября 2021