Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының
2019 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері
бойынша ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.
Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасына 2019 жылы діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге 5 өтініш түсті. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы іске асты. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту орын алған жоқ.
Есепті кезеңде миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қанағаттандырылды. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды. Миссионерлік куәліктерді келесі елдердің азаматтары алды: Үндістан – 1, Польша – 3, Ресей Федерациясы –1.
|
№ |
Көрсетілетін қызметтер атауы |
2019 жылға көрсетілген қызметтер саны |
|
1 |
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу |
5 |
|
2 |
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру |
- |
|
3 |
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру |
- |
|
4 |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру |
- |
|
5 |
Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру |
- |
|
Барлығы: |
5 |
|