Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің дінтанушы маманы (В2,4; 1 бірлік)

Лауазымдық жалақы: 145 115 – 181 819 т.

Функционалдық міндеттері:Радикалды діни идеологияның ықпалына түскен тұлғаларға теологиялық тұрғыдан кеңес беру және олардың діни көзқарастарын дәстүрлі ислам құндылықтарына сәйкес түзету бойынша жеке оңалту бағдарламаларын әзірлеу. Ұйымдарға діни экстремизмнің алдын алу шараларын өткізуге әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік көмек көрсету. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау және түсіндіру шараларына қатысу; облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға, экстремизмнің алдын алуға, рухани-адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

 Үміткерге қойылатын талаптар: Гуманитарлық, әлеуметтік немесе педагогикалық ғылымдар даярлау бағыттары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы. Лауазымдық міндеттерді атқару үшін жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Үміткердің кәсіби бағыты лауазымның функционалдық қызмет салаларына, соның ішінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оңалту жұмыстары, деструктивті діни ағымдардың профилактикасы және ақпараттық-талдау қызметіне сәйкес келуі.

«YNTYMAQ» конфессияаралық келісім бөлімінің дінтанушы маманы (В2,4; 2 бірлік)

Лауазымдық жалақы: 145 115 – 181 819 т.

Функционалдық міндеттері: Өңірдегі діни жағдайға, діни ұйымдардың қызметіне және ағымдағы мәліметтерге кешенді зерттеу, талдау және мониторинг жүргізу; талдамалық әрі әлеуметтанушылық зерттеулер бойынша ақпараттар, баяндамалар және есептер әзірлеу. Конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған әдістемелік және тәжірибелік іс-шараларды ұйымдастыру әрі өткізу. Дерадикализация (радикалсыздандыру) іс-шараларының тиімділігін, нәтижелі кейстерді, дерадикализация деңгейінің динамикасын, проблемалық аспектілер мен олардың туындау себептерін зерделеу, соның негізінде тиісті ұсыныстар дайындау.

 Үміткерге қойылатын талаптар: Гуманитарлық, әлеуметтік немесе педагогикалық ғылымдар даярлау бағыттары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы. Лауазымдық міндеттерді атқару үшін жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Үміткердің кәсіби бағыты лауазымның функционалдық қызмет салаларына, соның ішінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оңалту жұмыстары, деструктивті діни ағымдардың профилактикасы және ақпараттық-талдау қызметіне сәйкес келуі.

«YNTYMAQ» конфессияаралық келісім бөлімінің инспекторы (С2; 1 бірлік)

Лауазымдық жалақы: 145 115 – 183 376 т.

Функционалдық міндеттері: «Кибернадзор» жүйесі арқылы Интернет кеңістігіндегі заңсыз контентті анықтау және бұғаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру әрі үйлестіру. Орталықтың қызметі туралы презентациялық материалдарды, конференциялар мен семинарлардың жинақтарын жүйелеу және баспаға әзірлеу; имидждік іс-шаралардың техникалық тұрғыдан ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Заңсыз контентті бұғаттау және өзге де қызметтік мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен, мүдделі мемлекеттік мекемелермен жедел ақпараттық алмасуды жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білімінің болуы; бұл жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Немесе жалпы орта білімнің және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлықтың, сондай-ақ лауазым бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Бағдарламашы (С2; 1 бірлік)

Лауазымдық жалақы:  145 115 – 183 376 т.

Функционалдық міндеттері: Өңірдегі деструктивті діни ағымдардың (ДДА) Telegram, WhatsApp, TikTok, Instagram және т.б. платформалардағы жабық топтары мен арналарын автоматты және қолмен іздестіру (парсинг) жүйелерін құру, оларға тұрақты техникалық мониторинг жүргізу. Желіде деструктивті материалдар тарататын өңірлік қолданушылардың профильдеріне (аккаунттарына) IT-талдау жасау және олардың шынайы тұлғасын, орналасқан жерін анықтауға көмектесу.

Үміткерге қойылатын талаптар: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама  ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша)

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға құжаттарын ұсыну қажет: Орал қаласы, Ғ.Қараш көш., 33/2, 2  бөлме, электрондық пошта: dinkgu@mai.ru; телефон: 87474952664. 

Дата публикации
14 июля 2026