GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Денсаулық сақтау
09 октября 2026
АПВ вакцинациясы бойынша ата-аналармен кездесу өтті

Орал қаласындағы №47 мектепте адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелері бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – ата-аналарға адам папилломавирусы, оның адам денсаулығына әсері, инфекцияның алдын алу және вакцинацияның маңызы туралы жан-жақты ақпарат беру. Кездесуге Алматы қаласынан арнайы шақырылған маман – PhD, қауымдастырылған профессор, дәрігер-онкогинеколог, «Алматы қаласы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Олмесханқызы Болатбекова қатысты. Маман «Адам папилломавирусы және оның онкологиялық аурулардың алдын алудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасап, АПВ инфекциясының алдын алу, вакцинацияның маңызы және оның онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының профилактикасындағы рөлі туралы түсіндірді. Іс-шара барысында ата-аналар АПВ-ға қарсы вакцинацияға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды. Сонымен қатар вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде ақпарат берілді. Адам папилломавирусына қарсы вакцинация – АПВ инфекциясының және онымен байланысты онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі. Ата-аналарды дұрыс әрі толық ақпараттандыру вакцинацияға қатысты саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау
09 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының Жоғары медициналық колледжіне – 110 жыл!

8 қазан күні Батыс Қазақстан облысының жоғары медициналық колледжі өзінің ғасырдан астам тарихын айшықтаған айтулы 110 жылдық мерейтойын атап өтті.

Салтанатты шараға еліміздің әр өңірінен колледж түлектері, медицина саласының ардагерлері, оқытушылар, білім алушылар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Қонақтар қатарында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Қаюпов, сондай-ақ көршілес елден келген медицина саласының өкілдері болды.

Мерейтойлық іс-шара алдымен колледж алдындағы гүлзар аумағына ағаш отырғызу рәсімімен басталды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен білім ордасының тамыры терең тарихының символына айналған тағылымды бастама болды. Одан әрі мерекелік жиын өтіп, колледждің ғасырдан астам уақыт ішінде медицина саласына білікті мамандар даярлаудағы еңбегі кеңінен аталып өтілді.

110 жыл – тарих.

110 жыл – дәстүр.

110 жыл – ұрпаққа қызмет!

11 сентября 2026
Бүгін қалалық көпбейінді ауруханасы базасында инсульт қызметінің жұмысына CEREBRA.AI жасанды интеллект жүйесі ресми түрде іске қосылды

Қалалық көпбейінді ауруханада отандық CEREBRA.AI жасанды интеллект жүйесі енгізілді. Ол жоғары жүктеме жағдайында радиологтарға, неврологтарға және нейрохирургтарға диагностикалық ақпаратты жедел алуға және бағалауға, дәрігерлік қателік пен маңызды өзгерістерді өткізіп алу қаупін барынша азайтуға көмектесіп, ми КТ-сын талдау уақытын 30 минуттан 5–10 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтің қолдауымен өңірде денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау жалғасуда. Бүгін Орал қаласының Қалалық көпбейінді ауруханасы базасында инсульт қызметінің жұмысына CEREBRA.AI жасанды интеллект жүйесі ресми түрде іске қосылды.

Өңірде алғаш рет заманауи отандық технология ми қан айналымының жіті бұзылуы бар пациенттерге шұғыл көмек көрсететін мамандардың практикалық жұмысына тікелей қолданылатын болады.

Жүйе Қалалық көпбейінді ауруханада 2026 жылғы 1 шілдеде тестілеуден өткізіле бастады, ал 1 тамыздан бастап жұмыс режиміне көшірілді.

 

Ең қымбат құндылық — уақытты үнемдеуге көмектесетін технология

Инсульт кезінде уақтылы диагностика жүргізудің маңызы зор. CEREBRA.AI ми КТ-сын автоматты түрде талдап, дәрігерге патологиялық өзгерістердің сипаты мен таралуы туралы қосымша ақпарат береді.

Жүйе бассүйекішілік қан құйылу белгілерін анықтауға, ишемиялық зақымдану аймақтарын белгілеуге, ASPECTS көрсеткішін автоматты түрде есептеуге, зақымдану аймақтарын визуализациялауға және диагностикалық маңызы бар бірқатар параметрлерді бағалауға мүмкіндік береді.

Технология бүгінде Қазақстанның медициналық ұйымдарында қолданылып келеді, оның көмегімен еліміздегі 49 ауруханада 200 мыңнан астам пациенттің деректері талданған.

CEREBRA.AI инсультті диагностикалау және емдеуге қатысатын мамандарды қолдауға арналған.

Сәулелік диагностика дәрігері үшін жүйе КТ-ны жедел талдауға, бассүйекішілік қан құйылу және ишемиялық өзгерістер белгілерін анықтауға, зақымданудың орналасуы мен көлемін бағалауға көмектеседі.

Невролог үшін технология ми жағдайын бағалауға арналған қосымша ақпарат береді және КТ нәтижелерін пациенттің клиникалық көрінісімен салыстырып, әрі қарайғы емдеу тактикасын анықтауға көмектеседі.

Нейрохирург үшін жүйе патологиялық өзгерістердің сипаты мен орналасуы туралы қосымша деректер береді және хирургиялық немесе эндоваскулярлық араласудың қажеттілігін қарастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Бұл ретте CEREBRA.AI дәрігерді алмастырмайды және диагнозды өздігінен қоймайды. Соңғы клиникалық шешімді медициналық маман деректердің жиынтығы — пациенттің жағдайы, анамнезі, неврологиялық статусы, КТ нәтижелері және басқа да қажетті зерттеулер негізінде қабылдайды.

 

Пациент не алады?

Технологияның басты артықшылығы — КТ жүргізілген сәттен бастап дәрігерлік шешім қабылдауға дейінгі уақытты қысқарту.

КТ жылдамырақ → талдау жылдамырақ → мамандардың өзара әрекеті жылдамырақ → дәрігердің шешімі жылдамырақ → емдеу уақтылы жүргізіледі.

Диагностикалық ақпаратпен жедел алмасу және қашықтан консультация жүргізу мүмкіндігі тек Орал қаласының ғана емес, Батыс Қазақстан облысының аудандарындағы тұрғындарға да мамандандырылған көмек көрсетуге қосымша жағдай жасайды.

БҚО инсульт қызметін дамытудың жаңа кезеңі

Қалалық көпбейінді аурухана — өңірдегі инсультпен ауыратын пациенттерге тәулік бойы мамандандырылған және жоғары технологиялық көмек көрсетілетін негізгі медициналық ұйым.

Ауруханада диагностика мен емдеудің заманауи әдістері, оның ішінде тромболитикалық терапия және механикалық тромбэкстракция қолданылады, ал мамандар кәсіби құзыреттерін тұрақты түрде жетілдіріп, заманауи клиникалық тәсілдерді енгізуде.

CEREBRA.AI жүйесін енгізу осы жұмыстың логикалық жалғасы болып табылады және диагностика жүргізудің жеделдігін, мамандардың өзара іс-қимылын және медициналық көмектің сапасын арттыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Денсаулық сақтауды цифрландыру адам үшін нақты практикалық нәтиже беруі тиіс. Инсульт жағдайында мұндай нәтиже — диагностиканы жылдам жүргізу және әрі қарайғы емдеу тактикасын уақтылы анықтау мүмкіндігі. Өңірдің медициналық ұйымдарына заманауи технологияларды енгізу — Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы тағы бір қадам.

11 сентября 2026
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен кеңес өтіп, онда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Денсаулық сақтауға цифрлық шешімдерді енгізу медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін, саланың тиімділігін арттыруға және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Кеңесте баяндамалармен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, сондай-ақ озық IT-шешімдерді ұсынған ірі мемлекеттік және жеке технологиялық компаниялардың басшылары сөз сөйледі. Президенттің тапсырмаларына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі 23 жекелеген ақпараттық жүйеден денсаулық сақтаудың бірыңғай e-Densaulyq экожүйесіне көшу бойынша жұмыс жүргізуде. Алғаш рет саланың негізгі процестері бірыңғай цифрлық контурға біріктірілуде. Оған пациенттердің медициналық деректерінен бастап кадрлық және инфрақұрылымдық ресурстарды басқару, фармацевтикалық нарықты реттеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау процестері кіреді. Премьер-Министрге енгізіліп қойған және қазіргі уақытта ауқымын кеңейту кезеңіндегі цифрлық шешімдер таныстырылды. Олардың қатарында ресурстарды басқару жүйесі, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі, Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы, AKYLMED.AI жасанды интеллекті негізіндегі медициналық коммуникациялардың бірыңғай жүйесі, «Суық тізбек» жобасы және санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың цифрлық жүйесі, смарт-бейжетондар, медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қабылдау бөлімдеріндегі бейнеаналитика, цифрлық телемедицина және жасанды интеллект қолданылатын орталықтандырылған телерадиология бар. Ресурстарды басқару жүйесі саланың бірыңғай цифрлық көрінісін қалыптастырады. Онда медициналық ұйымдар, медициналық жабдықтар және кадрлық құрам туралы деректер жинақталған. Бүгінде жүйе 21 мыңнан астам медициналық ұйымды, 221 мың медициналық техника бірлігін және 257 мың медицина қызметкерін қамтиды. Бұл өзекті деректердің негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға, саланың ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін бағалауға және халықтың қажеттіліктерін ескере отырып медициналық ұйымдар желісін дамытуға мүмкіндік береді. Цифрлық құралдар профилактикалық бақылау үшін де қолданылады. Атап айтқанда, 38 медициналық ұйымда медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензияның жоқтығы анықталды, олардың 27-сінің қызметі уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар 2 188 медицина қызметкері сертификаттарының қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан уақытша шеттетілді. Медициналық деректердің бірыңғай қоймасында 12 жеке медициналық ақпараттық жүйеден, тізілімдер мен анықтамалықтардан алынған ақпарат біріктірілген. Мемлекеттік органдардың 50-ден астам ақпараттық жүйесімен интеграция қамтамасыз етілді. 2012 жылдан бері жинақталған деректер ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық көмекті төлеу кезінде автоматты форматтық-логикалық бақылау негізінде пайдаланылуда. Бірыңғай қоймаға көшу және цифрлық бақылауды күшейту нақты экономикалық нәтиже беріп отыр. Медициналық жүйеден 1,4 млн рецептпен байланысты 400 мың өзектілігін жоғалтқан пациент картасы алынып тасталды. Бұл негізсіз 31 млрд теңге шығынның алдын алуға мүмкіндік берді. Медициналық қызметтерді негізсіз тұтыну 7,1%-ға, яғни шамамен 7 млрд теңгеге төмендеді. Бұл ретте қателерді анықтау көрсеткіші 3,5 есеге артты. Жеке бағыттың бірі – дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау. Бұл дәрілік препараттың қозғалысын соңғы тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. 2024 жылғы шілдеден бастап 1,1 млрд-тан астам дәрілік заттар қаптамасы таңбаланды. Жүйе нарықты өндірушілер, өнім ассортименті мен оның шығу тегі бөлінісінде көруге, сондай-ақ дәріхана желісіндегі дәрілік заттардың нақты бағасын және олардың өзгеру динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Мониторинг 3 мың дәрілік зат атауын қамтиды. 1 595 препарат бойынша (52%) бағалар тұрақты қалса, 800 атау бойынша (26%) бағаның төмендегені тіркелді. Таңбалау жүйесінде қалдықтарды мониторингтеу және қорларды басқару нәтижесінде Бірыңғай дистрибьютор 42,5 млрд теңге үнемдеді. Алынған нәтижені ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап таңбалау жүйесі биологиялық белсенді қоспаларға да енгізілді. «Суық тізбек» жобасы вакциналарды сақтау және тасымалдау жағдайларын қоймадан медициналық ұйымға дейін автоматты түрде бақылауға арналған. Пилоттық жоба Қарағанды қаласында іске асырылды. Қазір оны ауқымдау жұмыстары жүргізілуде. Температура датчиктері сақтау жағдайларын, ал GPS-мониторинг иммунобиологиялық препараттарды тасымалдау процесін бақылайды. Жүйе еліміздің барлық 20 өңіріндегі 3,5 мыңнан астам нысанды және 800 бірлік арнайы көлікті қамтиды. Алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың барлық контуры цифрландырылды. Цифрлық бақылауда 203 мың нысан бар. 2026 жылдың 8 айында 6 513 бұзушылық автоматты түрде анықталды, ал 758 нысан қауіп деңгейі бойынша тексеру жоспарына енгізілді. Автоматтандыру мамандардың қол еңбегіне түсетін жүктемені 23,8%-ға азайтуға, нысан туралы мәліметтерді жинау уақытын үш күннен бір сағатқа дейін қысқартуға, ал ұсынымдарды дайындау уақытын екі күннен 15 минутқа дейін азайтуға мүмкіндік берді. Бизнес үшін бұл қағазбастылық рәсімдер мен артық тексерулердің қысқаруын, ал мемлекет үшін субъективтілік пен сыбайлас жемқорлық қауіптерінің төмендеуін білдіреді. Цифрлық шешімдер медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін смарт-бейжетондар енгізілуде. Жоба Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында іске қосылды. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріндегі 3 800 жедел медициналық жәрдем бригадасын осындай құрылғылармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бейжетондар болып жатқан оқиғаларды тіркейді және шабуыл жасалған немесе қауіп төнген жағдайда жедел әрекет ету үшін сигналды автоматты түрде Полиция департаментінің жедел басқару орталығына жібереді. Сонымен қатар стационарлардың қабылдау бөлімдерінде медицина персоналына қатысты агрессивті мінез-құлықты анықтауға арналған бейнеаналитика жүйесі енгізілуде. Ақпарат Полиция департаментіне, медициналық ахуалдық орталыққа және медициналық ұйымның күзет қызметіне жіберіледі. Стационарларда SOS батырмалары да орнатылуда. Олардың көмегімен азаматтар патрульдік полицияны өз бетінше шақыра алады.Цифрлық телемедицина шалғай аудандардың тұрғындарына мамандардың қашықтан консультация алуын қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері 1 млн-нан астам телеконсультация өткізілді, қашықтан медициналық қызметтерді 2,1 млн-нан астам адам алды. Олардың 39%-ы – ауыл тұрғындары. Жоба 655 фельдшерлік-акушерлік пункт пен ауылдық аурухананы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің 72 мекемесін қамтиды. Қашықтан ЭКГ жасау, жедел талдаулар жүргізу және цифрлық медициналық құрылғылардың көмегімен зерттеулер өткізу мүмкіндігі бар. Зерттеулер тізбесі УДЗ, флюорография, рентгенография және диагностиканың басқа да түрлерімен толықтырылуда. Алдағы уақытта телемедицина технологияларын профилактикалық және медициналық қарап-тексерулер кезінде де пайдалану жоспарлануда. Жасанды интеллект технологияларын қолданатын орталықтандырылған телерадиология еліміздің 400-ден астам медициналық ұйымын біріктіреді. Жасанды интеллект алгоритмдері КТ, МРТ және маммография зерттеулерін талдайды. Бұл диагностика уақытын 4 еседен астам қысқартуға, ал патологияларды ерте кезеңдерде анықтау көрсеткішін 32,2%-ға арттыруға мүмкіндік береді. AKYLMED.AI жасанды интеллекті негізіндегі медициналық коммуникациялардың бірыңғай жүйесі пациенттерді тәулік бойы қабылдауға жазу, скринингтер мен профилактикалық қарап-тексерулерге автоматты түрде шақыру, сондай-ақ қабылдаудан кейін кері байланыс жинау үшін енгізілуде. Жасанды интеллект көмекшілерін пайдалану емханаларға келмей қалу деңгейін үш есеге жуық төмендетіп, тіркеу бөлімдерінің жүктемесін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, жасанды интеллект медицина қызметкерін алмастыру үшін емес, күнделікті қайталанатын міндеттердің үлкен көлемін орындау және мамандардың пациенттермен тікелей жұмыс істеуіне уақытын босату үшін қолданылуда. Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурын құру стратегиялық маңызға ие екенін және ол медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға тиіс екенін атап өтті.

«Президент бытыраңқы ақпараттық жүйелерден бас тартып, денсаулық сақтау саласының бірыңғай цифрлық негізін құру бойынша нақты мақсат қойды. Бұл міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шешімдер мен технологиялардың бар екенін көріп отырмыз. Басталған жұмысты соңына дейін жеткізу маңызды. Барлық жүйелер біріктіріліп, деректер қолжетімді әрі өзекті болуға тиіс. Сондай-ақ тиімді ЖИ-шешімдерді бүкіл сала мен өңірлерге кеңінен таратқан жөн. Біз нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек, яғни медициналық қызметтердің сапасын арттырып, шығындарды оңтайландыру және әкімшілік кедергілерді жою қажет. Жаппай цифрландыру жүйені жетілдіруге, сол арқылы азаматтарға көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыра түсуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1289198?lang=kk

 

21 августа 2026
БҚО денсаулық сақтау ұйымдары республикалық үйлестіру кеңесіне онлайн қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі М. Рамазановтың төрағалығымен ана өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау мәселесіне арналған Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Селекторлық кеңеске Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдары онлайн форматта қатысты.

Кеңеске Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнаш Губайдуллина төрағалық етті.

Отырыс барысында ана өлімінің алдын алу, жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, қауіп факторларын дер кезінде анықтау және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты медициналық ұйымдарға ана мен бала денсаулығын сақтау бағытындағы жұмысты күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

29 июля 2026
Мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді

29 шілде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен БҚО денсаулық сақтау мемлекеттік қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді

 
29 июля 2026
Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов төрағалық етті.

Отырыс барысында өңірдегі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу, түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмек көрсету, әйелдер арасындағы анемияның таралуын төмендету мақсатында ұнды фортификациялау, ауыз су сапасын тұрақтандыру, сондай-ақ облыстағы профилактикалық егумен қамту деңгейі талқыланды.

Баяндамашылар өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді таныстырып, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.

 

17 июля 2026
Бөрлі, Казталов аудандарындағы ауданаралық аурухана құрылысының барысы бақылауда

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бөрлі және Казталов аудандарында ауданаралық аурухананың құрылысы жүргізілуде.

Осы мақсатта ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнаш Губайдуллина жұмыс сапарымен аталған аудандарға барып, құрылыс нысанының қазіргі жағдайымен танысты.

Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының орындалу барысы баяндалып, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңнің жоспарлары талқыланды.

 Нысандарды аралау барысында Айнаш Губайдуллина құрылыс сапасы мен жұмыс қарқыны басты назарда болуы тиіс екенін атап өтіп, мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстарын бекітілген талаптарға толық сәйкес жүргізіп, нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Ауданаралық аурухананың құрылысы өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, Айнаш Губайдуллина жұмыс сапары барысында Бөрлі ауданына қарасты Ақсу ауылдық округінің медициналық пунктінің қызметімен танысты.

Сапар кезінде медициналық пункттің материалдық-техникалық жағдайы, тұрғындарға көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметтің ұйымдастырылуы жан-жақты қаралды.

07 июля 2026
Мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді

30 маусым күні "Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры" қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық көп бейінді ауруханасы" ШЖҚ МКК-да мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуге бастамашы болды. Мониторинг "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҚО және Орал қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ, БҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің, БҚО денсаулық сақтау басқармасының және БҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының өкілдерінің қатысуымен жүргізілді. Мониторинг барысында медициналық қызметтердің қолжетімділігіне, күту уақытына, қызмет көрсету сапасына, келушілердің болу жағдайларына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуына бағалау берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар дайындалды.

09 апреля 2026
Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында «Жүрек-қан тамырлары аурулары: облыстағы интервенциялық қызмет пен нәтижелер» тақырыбында брифинг өтті

Брифингке Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Губайдуллина Айнаш Жұбанышқызы және ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК директорының міндетін уақытша атқарушы Суйеугазиева Эльмира Ғайсақызы қатысты. Спикерлер өз баяндамаларында өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларының таралу деңгейі, интервенциялық кардиология қызметінің дамуы, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі мен оның нәтижелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, мамандар жүрек ауруларының алдын алу, ерте диагностика және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Іс-шара тікелей эфирде өтіп, көпшілікке ашық форматта ұсынылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы