2024 жылы 25 қантардағы Облыстық бюджеттік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары бағдарламасы және жергілікті бюджет қаражаты есебінен кіші бағдарламасы шеңберінде Бөкей ордасы аудандық ауруханасына 3 дана санитарлық автокөлік сатып алуға қаражат бөлінген болатын.
Астана күні қарсаңында Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов аудандық аурухана және оған қарасты Саралжын ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Ұялы ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке санитарлық автокөліктердің кілтін табыс етті.
Әкімдік тарапынан көрсетілген қолдау облыс орталығынан шалғай жатқан Бөкей ордасы ауданы тұрғындары үшін науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсетуде және медицина қызметкерлерінің шақыртуларға уақытылы жетуіне септігін тигізері сөзсіз.