Меню

Страницы

Статья

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы»

Құрметті азаматтар!

2023 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің төрағасы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

Осылайша, параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК-тен  (2023 жылға 3,45 млн теңге)) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

 

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК немесе 103 500 теңге;

 

- онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК немесе 138 000 теңге;

 

- ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК немесе 172 500 теңге;

 

- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК немесе 241 500 теңге;

 

- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК немесе 345 000 теңге.

 

Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10 % құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен немесе 13,8 млн теңгеден көп емес.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы

хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның

тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесуді қамтиды.

  1. Көтермелеу, егер адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты:

1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы

бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе

36-бабының негізінде, соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда жүзеге асырылады.

 

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Дата публикации
18 сентября 2023
Дата обновления
18 сентября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
18 сентября 2023
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы»
Хабарлама
04 августа 2021
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы конкурстық комиссия жұмысынын нәтижесі бойынша 2021 жылға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жергілікті бюджеттен жоғары білімі бар кадрларды резидентурада даярлауға мамандықтар тізбесін жариялайды:

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы