«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ жанындағы байқау кеңесі жөніндегі комиссия байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға конкурс жариялайды

     Хабарландыру

 

«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ жанындағы байқау кеңесі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия)  келесідегідей шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекетік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға конкурс жариялайды:

1

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық  жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК,

 адресі: БҚО, Орал қ-сы, Құрманғалиева көш., №42Н 

негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Азаматтарды медициналық қамтамасыз етудегі қоғамдық  қажеттілікті және денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруды тиімді қанағаттандыру;

 

 

Конкурс 2026 жылғы   06  наурыз  сағат 11.00-де БҚО, Орал қаласы, Нұрсұлтан  Назарбаев даңғылы 201 үй,  № 117 кабинетте өткізіледі. 

 1.Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1)денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында  кемінде 5 жыл жұмыс тәжирибесінің;

2)денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте  кемінде 3 жыл тәжірибесінің;

    3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

  1. Мынадай:

1)Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4)байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 2026 жылғы 05 наурыз  аралығында қабылданады.    

3.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5)  жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты-жөні және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Одан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1)шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға бағытталуы;

2) «Байқау кеңесі мүшелерінің  мемлекеттік кәсіпорынның конкурсы» «2026 жылғы  06  наурызға дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.

Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жіберіледі.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш 2026 жылдың 04 ақпаннан бастап 2026 жылғы  05 наурыз аралығы   инд. 090001, БҚО, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201 үй, №113 кабинетте (тел. 8(7112) 245510,241815)  қабылданады.

Дата публикации
04 февраля 2026