Хабарландыру

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 12 жылғы «25.11.2015» № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы» кәсіпкерлік субъектілерін, қаржы және өзге де ұйымдарды «Орал қаласының Деркул кентінде 250 адам қабылдайтын емхана салу және пайдалану» жобасын (бұдан әрі - МЖӘ жобасы) жоспарлауға тарту мақсатында, конкурстық құжаттамасының жобасына түзету бағытында, әлеуетті жекеше әріптестердің мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасының негізгі параметрлері
Жобаны іске асыру кезеңі: 2025-2035 жж.
Жобаның алдын ала мерзімі МЖӘ:10 жыл.
Қызмет түрі: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтер көрсету.
Жобаны инвестордың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.
Бюджеттен болжанатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: инвестициялық шығындарды өтеу, қызметтерге арналған шығындар Жекеше әріптеске ТМККК және МӘМС қаражатынан өтелетін болады (операциялық шығындарды өтеу).
Жобаға қойылатын негiзгi талаптар: құрылыс, қазiргi заманғы жабдықтарды сатып алу және объектiнi пайдалану.
Кәсіпкерлік субъектілері осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2025 жылғы 5 қарашаға дейін хабардар ету қажет.
Осы жобаға мүдделер білдіруге сұрау салу бойынша ұсыныстар мына мекенжай бойынша берілсін:
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Назарбаев даңғылы, 201, телефон: 8 (7112) 245523, 245033 е-mail: b.kense@bko.gov.kz, plan-dzzko@mail.ru
уәкілетті тұлға: Рысты Құмарғалиқызы Баштенова, экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы.
Мәлікова Нұргүл Қамидолақызы, экономикалық жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы.

Дата публикации
06 октября 2025