Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік (МЖӘ)

 

Мемлекеттік - жеке меншік әріптестік (МЖӘ).2019 жылы денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 3 жобасы жүзеге асырылды: облыстық көпбейінді аурухана үшін күрделі жөндеу жүргізе отырып асхананы жалға беру, Ақжайық аудандық ауруханасы үшін лизингке компьютерлік томограф сатып алу, көпбейінді қалалық аурухана үшін ангиограф сатып алу:

- 2019 жылы 15 қазанда асхана пайдалануға тапсырылып, аурухана теңгеріміне берілді, 16 жұмыс орны ашылды, облыстық көпбейінді аурухана пациенттерін үздіксіз тамақпен қамтамасыз етеді, 102 млн. теңге жеке инвестиция салынды;

- компьютерлік томограф Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді, 348 млн. теңге жеке инвестиция салынды;

- ангиограф көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді, 340 млн.теңге жеке инвестиция салынды.

Дата публикации
02 ноября 2020