Батыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылдың 9 айында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырулы барысы туралы ақпарат
ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 40,0 млн.теңге (жергілікті бюджет) бөлінді, игерілгені-12,5 млн. теңге (денсаулық сақтау басқармасы арқылы қаржыландыру).
Нысаналы индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері бойынша: ана өлім-жітімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 29,7 құрады (жоспар бойынша – 15,2), нәресте өлім-жітімі 1000 мың тірі туылғанға шаққанда 10,2 құрады (жоспар бойынша – 8,12), АИТВ-мен ауыратын адамдарды антиретровирустық терапиямен (АРВ) қамту – 73% (жоспар бойынша -72),туберкулезбен сырқаттану – 100 мың тұрғынға шаққанда 40,7 (жоспар бойынша – 47,1), жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау нәтижесінде орын алған өлім-жітім(15-17 жас) - 100 мың тиісті тұрғынға шаққанда 12,2 (жоспар бойынша-17,1), медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі – 77% құрады (жоспар бойынша – 87,3), медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі – 61% құрады (жоспар бойынша – 67,9).
Негізгі бағыттар шеңберінде өткізілген іс-шаралар бойынша.
ДДҰ-ның «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» жобасына 6 мектеп қатысады, жоба үйлестірушілерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. 2020 жылдың қыркүйегінде COVID-19 пандемиясы жағдайында мектептердің жұмысын қалпына келтіру бойынша ағымдағы жағдайды талдау мақсатында облыс бойынша мектеп үйлестірушілері арасында онлайн-сауалнама жүргізілді.
Анықтама үшін: карантинге байланысты барлық бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде азаматтардың денсаулығын қорғауға және салауатты дағдыларды қалыптастыруға арналған іс-шаралар өткізілді.
2020 жылдың 9 айында перинаталдық байланыс бойынша 399 адам (547-ден) және 10 бала АРВ терапиясымен қамтамасыз етілді. Халықтың негізгі топтарын АИТВ-ның алдын алу бойынша профилактикалық қызметтермен 526 адам қамтылды.Вирустық гепатитке – 20855 адам тексерілді.
Барлық МСАК ұйымдарында 3 нозология: созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті, артериялық гипертензия бойынша Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) енгізілген. АББ тіркелімінде барлық диспансерлік науқастардың 41,3% тіркелді.
Ана мен бала денсаулығын қорғау қызметі бойынша оқытылды: патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделі (ПҚӘПМ) – 35 дәрігер, Алматы қаласының Республикалық орталығының мамандары босандыруға жәрдемдесу және балалар денсаулығын қорғаудың жаңа технологиялары бойынша-26 акушер-гинеколог және 15 анестезиолог-реаниматолог оқытылды. Шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды пысықтау үшін 4 симуляциялық орталық жұмыс істейді. 121 медицина қызметкері оқытылды.Жаңа туылған нәрестелердің бастапқы реанимациясы бойынша каскадтық әдіспен 187 маман (акушер – гинекологтар, неонатологтар, акушерлер, мейіргерлер) оқытылды.
Халықтың репродуктивтік денсаулық туралы ақпаратқа қол жеткізуі шеңберінде – 59050 адам, отбасын жоспарлау қызметтеріне және қазіргі заманғы контрацепция құралдарына-64019 адам қамтылды.
Қашықтықтан оқыту режимінде облыстың білім беру жүйесінің психологтары оқыту бойынша жоспарлар мен есептер жасау, сондай-ақ онлайн режимде балалармен, ата-аналармен және педагогтармен психологиялық-диагностикалық іс-шаралар мен ZOOM-вебинарлар өткізу бойынша оқытылды.Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша медицина қызметкерлері үшін оқыту семинарлары мен дәрістер өткізілді (30 маман оқытылды).
Барлық МСАК ұйымдарының базасында ментальдық денсаулық орталықтары ашылды. 3 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді («Демеу» (Орал қ., Мусин к-сі, 62, «Жігер» (Зеленов ауданы, Куйбышев к-сі, 4б), «Қамқор» (Орал қ., Мөңкеұлы к-сі, 116).2020 жылдың 9 айында 2 535 адамды қамтыған 32 іс-шара өткізілді, 2500 ақпараттық-білім материалы таратылып, 100 бейнеролик көрсетілді.Облыста тәулік бойы және тегін «сенім телефоны» (150) жұмыс істейді және жастардың барлық мәселелері бойынша консультация береді.
2020жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша 2020 жылы облысқа Қазақстан Республикасының Жоғары медициналық оқу орындарының 106 маман-түлегі келіп, жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 54-і ауылдық медициналық ұйымдарға орналасты.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы №25-7 шешімімен бекітілген Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары негізінде ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқан әрбір маманға 1 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу көзделген.
2019 жылы 47 маман 1 миллион теңге сомасында біржолғы өтемақы алды. 2020 жылы 40,0 млн.теңге бөлінді– 2020 жылдың 01 қазанына 12,5 млн. теңгеигерілді, біржолғы өтемақымен 25 маманқамтамасызетілді. 2020 жылдың соңына дейін жас мамандардың келуіне байланысты төлем жалғасатын болады.
Медициналық-санитариялық Алғашқы көмек объектілерінің «қадамдық қолжетімділігі» жобасы бойынша облыста 393 жалпы тәжірибелік дәрігер учаскесі жұмыс істейді.
Паллиативтік және мейіргерлік көмектің қолжетімділігін арттыру шеңберінде әрбір МСАК-қа мобильдік бригадалар енгізілді. 2020 жылдың 9 айында 2455 шығулар жүзеге асырылды
Геронтологиялық қызмет шеңберінде медициналық көмек алған адамдардың саны-41622 адамдықұрады.
Облыстың медициналық ұйымдарында 4 ақпараттық жүйе (МАЖ) енгізілді: «KazMed» медициналық ақпараттық жүйесі, «АДИС», «ДамуМед» КМАЖ, «Авиценна» МАЖ жедел медициналық көмекті басқарудың автоматтандырылған жүйесі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұданәрі - МӘМС) жүйесін енгізу мақсатында мынадай іс-шаралар өткізілді: 89 түсіндіру кездесулері, бұқаралық іс-шаралар - 17, телебағдарлама-70, радиохабар-50. МӘМС бойынша ақпарат денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі (фейсбук, Instagram және т.б.) медициналық ұйымдардың сайттарында орналастырылған. Медициналық ұйымдардағы ЛЭД-экрандарда ақпараттық табло арқылы МӘМС бойынша бейнероликтер мен слайдтар көрсетіледі. БАҚ-та барлығы-157 материал, баспа БАҚ-40, электрондық БАҚ-117, сондай-ақәлеуметтік желілерде- 4138 жарияланым орналастырылды. 2047 ақпараттық-білім беру материалдары шығарылды, 54 бейнероликтіалмастыру жүргізілуде.
193 бірлікмедициналықжабдық, 37 бірліксанитарлықавтокөлік (HyundaiH1-350реанимобильдері, JACSanray, УАЗ Proffi) сатыпалынуда. 14 денсаулық сақтау жобасына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Қамқорлық» Қорының (бұдан әрі-Қор) 2019-2020 жылдарға арналған бастамасын іске асыру және ШЖҚ «Көпбейінді облыстықбалалар ауруханасы» МКК базасында 20 төсектік балаларды оңалту орталығын ашу жоспарланған.
Оңалту орталығының үй-жайларына ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Жабдықтарды жеткізу жүргізілуде, жөндеу аяқталғаннан кейін оларды орнату жоспарланған. Қазіргі таңда шунгит бөлмесі, галоидті терапия бөлмесі, құрғақ аэрозольды терапия бөлмесі, тұз бөлмесі тапсырылды .
Республикалық орталық базасында мамандарды оқытуға Қорменшарт жасалды. 2 реабилитолог, логопед, 2 эрготерапевт, психолог, еңбектерапевті, 2 ЕДШ нұсқаушысы оқытылды.
Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын орындау бойынша жұмыс жалғасуда.