Әлеуметтік-экономикалық даму

Қаржыландыру, материалдық-техникалық жарақтандыру.

 

2020 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 6,2 млрд.теңге қарастырылды (ОДСБ-нан қаржыландыру), 2020 жылдың 1 шілдесіне 2,3 млрд.теңге немесе есепті кезеңге жоспардан 99,8% игерілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 0,76 млрд.теңге қарастырылды, 0 млрд. теңге игерілді.

Денсаулық сақтау жүйесі

2020 жылғы 1 шілдесіне облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрады:

-26 ауруханалық ұйым, оның ішінде 4 диспансер, 12 аудандық орталық

 аурухана, 3 аудандық аурухана,1 ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығы және 6 аурухана;

-6 дербес амбулаторлық-емханалық ұйым (қалалық емханалар);

-7 басқа; 

-аудандық орталық ауруханалар және аудандық ауруханалар құрамына 1 ауылдық аурухана, 61 дәрігерлік амбулатория, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт, 217 медициналық пункт кіреді;

-қалалық емханалар құрамында 4 дәрігерлік амбулатория және 4 медициналық пункт бар, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт.

Облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде қызметтер көрсететін жеке меншік нысанындағы 8 субъект жұмыс істейді.

Облыста 1687 дәрігер (ДС жүйесі), 6388 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Облыс бойынша 10 мың тұрғынға: дәрігерлермен қамтамасыз етілу–25,6 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілу-97,0. Қазіргі уақытта облыста 3478 бюджет койкасы.

 

Сәби және ана өлім-жітімі

2020 жылдың 6 айында сәби өлім-жітімінің 66 жағдайы (1000 тірі туылғандарға шаққанда – 10,17) орын алды, 2019 жылдың 6 айында сәби өлім-жітімінің 31 жағдайы (1000 тірі туылғандарға шаққанда – 4,78).

2020 жылдың 6 айында ана өлім-жітімінің 1 жағдайы (100000 туылғандарға шаққанда – 30,8) орын алды. 2019 жылдың 6 айында – 0.

 

 

Дата публикации
06 июля 2020