Қаржыландыру, материалдық-техникалық жарақтандыру.
2020 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 3,96 млрд.теңге қарастырылды (ОДСБ-нан қаржыландыру), 2020 жылдың 1 сәуіріне 0,59 млрд.теңге немесе есепті кезеңге жоспардан 92,8% игерілді. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 0,76 млрд.теңге қарастырылды, 0 млрд. теңге игерілді.
Денсаулық сақтау жүйесі
2020 жылғы 1 сәуіріне облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрады:
-26 ауруханалық ұйым, оның ішінде 4 диспансер, 12 аудандық орталық
аурухана, 3 аудандық аурухана,1 ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығы және 6 аурухана;
-6 дербес амбулаторлық-емханалық ұйым (қалалық емханалар);
-7 басқа;
-аудандық орталық ауруханалар және аудандық ауруханалар құрамына 1 ауылдық аурухана, 61 дәрігерлік амбулатория, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт, 217 медициналық пункт кіреді;
-қалалық емханалар құрамында 4 дәрігерлік амбулатория және 4 медициналық пункт бар, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт.
Облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде қызметтер көрсететін жеке меншік нысанындағы 9 субъект жұмыс істейді.
Облыста 1693 дәрігер (ДС жүйесі), 6399 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Облыс бойынша 10 мың тұрғынға: дәрігерлермен қамтамасыз етілу–25,7 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілу-97,4. Қазіргі уақытта облыста 3248 бюджет койкасы.
Сәби және ана өлім-жітімі
2020 жылдың 3 айында сәби өлім-жітімінің 39 жағдайы (1000 тірі туылғандарға шаққанда – 12,53) орын алды, 2019 жылдың 3 айында сәби өлім-жітімінің 11 жағдайы (1000 тірі туылғандарға шаққанда – 3,5).
2020 жылдың 3 айында ана өлім-жітімінің 1 жағдайы (100000 туылғандарға шаққанда – 32,1) орын алды. 2019 жылдың 3 айында – 0.