Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігердің бос лауазымына конкурс жариялайды: БҚО, Орал қаласы, Н.Сдықов көшесі,20/1 үй, анықтама үшін тел.:+7 7112 51-10-10, +7 7112 51-89-42 , электрондық мекен-жайы: skoraya_zko@mail.ru, әкімшілік корпус ғимаратында кадрлар бөлімі кабинеті.
«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК денсаулыққа елеулі зиян келтіруді болдырмау және (немесе) өмірге қауіп-қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті қажет ететін ересектер мен балаларда ауру мен жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ органдарды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді кейіннен трансплантациялау үшін тасымалдау қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетеді
- Облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысына (директор) қойылатын талаптар:
Медицина саласындағы жоғары білім (бейін бойынша);
«Қоғамдық денсаулық сақтау»/«Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуды аяқтаған адамдар үшін)/«Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторының болуы.
Денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласындағы жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
- Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жай-күйінің статистикасын, халық денсаулығының жай-күйін, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, отандық және шетелдік медицинаның, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздері және денсаулық сақтаудағы басқару жүйесі, санитарлық ағартуды ұйымдастыру, халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау, адамның өмір сүру ортасының факторлары, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме; белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, соттылықтың болуынемесе болмауы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) қосымша ақпарат бере алады.
- Құжаттарды қабылдау басталатын күн және конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: құжаттар хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
- Конкурсты өткізу күні:құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы телефон арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсты өткізу орны: БҚО, Орал қаласы, Н.Сдықов көшесі,20/1 үй, анықтама үшін тел.:+7 7112 51-10-10, +7 7112 51-89-42 , электрондық мекен-жайы: skoraya_zko@mail.ru, әкімшілік корпус ғимаратында кадрлар бөлімі кабинеті.
-