2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы жөнінде 2023 жылдың 12 айы бойынша ақпарат

2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы жөнінде

2023 жылдың 12 айы бойынша ақпарат

(Батыс Қазақстан облысы)

 

Стратегиялық индикаторлар бойынша:

-2023 жылдың 12 айындағы нәресте өлімі – 96 жағдай (1000 тірі туылғанға шаққандағы көрсеткіш– 8,0), 2022 жылдың ұқсас кезеңінде – 113 жағдай (тірі туылғанға шаққанда көрсеткіш 9,0). Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10,1% - ға төмендеді (17 жағдай). Соңғы 2 жылда тірі туылғандар саны 2275-ке (16%) 14218-ден 11943-ке дейін төмендеді, бұл босану санының төмендеуімен байланысты, сәйкесінше тірі туылғандар саны да төмен, бұл нәресте өлімінің көрсеткішіне айтарлықтай әсер етеді. Индикаторға қол жеткізілмеді (2023 жылға жоспар - 6,2).

- ана өлімі тіркелген жоқ (2022 жылы -3 жағдай). Индикаторға қол жеткізілді.

Нәресте, балалар өлімін азайту және ана өлімін болдырмау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізілуде:

- бейінді мамандармен (акушер-гинекологтар, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, анестезиолог-реаниматологтар және т.б.) жасақтау жұмыстары жалғасуда;

- босандыру бойынша ситуациялық орталық және ұрықты қорғау орталығы ашылды;

- жұмыс орнында акушер-гинекологтарды, хирургтарды, анестезиолог-реаниматологтарды, акушерлерді облыстық перинаталдық орталық деңгейінде жедел дағдыларға оқыту бойынша жұмыс жалғасуда;

- апта сайын тұрақты негізде аппараттық кеңестер өткізіледі, онда нәресте өлімін азайту және ана өлімін болдырмау мәселелері талқыланады;

- күн сайын педиатрия мен акушерліктегі сыни жағдайлар мониторингтен өтеді;

- ай сайын педиатрлар мен акушер-гинекологтардың күндері өткізіледі, онда педиатрлар, ЖПД, акушер-гинекологтар және педиатрия, акушерия және гинекологиядағы өзекті мәселелер бойынша басқа да бейінді мамандар оқытылады;

- нәресте өлімінің әрбір жағдайына талдау жүргізіліп, кейіннен басқару шешімдері қабылданады.

 

1-бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек.

1-міндет. Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету.

Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 12 жылжымалы медициналық кешеннің (бұдан әрі-ЖМК) жұмысы қамтамасыз етілді. 2023 жылдың 12 айында  ЖМК тексерулермен 47257 адам қамтылды (жоспардан 100%), оның ішінде балалар-9782. Анықталды-6329 адам, % диспансерлік есепке алынды-1930-30,3%. Көрсеткіш қол жеткізілді.

Медициналық ұйымдарды медициналық техникамен жарақтандыру -84,06% құрады (2022 жыл-83,9%). Ұлттық жобаның іс-шаралары бойынша 68 бірлік жабдық сатып алынды. Облыс бойынша 2023 жылы барлығы 640 бірлік сатып алынды.

Бөрлі және Казталов аудандарында 2 ауданаралық аурухана ұйымдастыру бойынша іс-шаралар (ЖСҚ әзірлеу, медициналық жабдықтарды сатып алу) жүргізілуде.

12 денсаулық сақтау объектісі салынды (2025 жылға дейін облыстың «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы): 8 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория.

 

ӘМСҚ-ның міліметтер бойынша ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектің жалпы көлеміндегі амбулаториялық көмек көлемінің үлесі 57% құрайды. Қөрсеткішке қол жеткізілмеді (2023 жылдың жоспары-61,2%). 53591 қымбат қызмет көрсетілді.

2022 жылмен салыстырғанда өңірдегі орташа жалақы: дәрігерлерге 32,7% - ға, орта медицина қызметкерлеріне 20,4% - ға өсті.

2-міндет. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту

Жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту – 92,8% құрады. Көрсеткішке қол жеткізілді (2023 жылдың жоспары-61,2%).

2023 жылы ЭКҰ 240 квота бөлінді. Медицина қызметкерлерінің 10 аптаға дейінгі жүктілікті ерте анықтауы - 97,8%, жүкті әйелдердің денсаулық индексінің мониторингі - 92,85% құрады.

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК базасында 3 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға ерте араласуларды жүзеге асыратын «Қамқорлық» орталығы ашылды. Нейро-ортопедиялық бұзылулары және олардың даму қаупі бар 600 балаға замануи оңалту орталығы жылма-жыл көмек көрсететін болады.

1 жасқа дейінгі балалар саны – 10412, проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтылды – 9048-95,5%. Көрсеткішке қол жеткізілді (2023 жылдың жоспары-89%).

Мүмкіндігі шектеулі балалар -3062. Оңалтумен қамтылған-2171 (70,9%) бала.  Көрсеткішке қол жеткізілді (2023 жылдың жоспары-35%).

3-міндет. Кадрлық әлеуетті нығайту

Облыстың денсаулық жүйесінде 1763 дәрігер және 6682 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

2023 жылда облысқа 122 маман (оның ішінде дәрігерлер) келді және жұмысқа орналастырылды, оның 50- і ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілді.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 265,0 штат бірлігін құрайды (оның ішінде қалалық ұйымдарда-167,75, аудандық ұйымдарда -99,25).

Еліміздің медициналық ЖОО-ға оқуға жергілікті бюджеттен- абитуриенттерге – 60 грант, резидентураға - 18 грант бөлінді. 13 резидент оқуын жалғастыруда (оқу мерзімі 2021-2025 ж.ж).

Резидентурада медицина кадрларын әзірлеу көрсеткіші - 31 адамды құрады. Көрсеткішке қол жеткізілді (2023 жылдың жоспары-30%).

Әлеуметтік қолдау шаралары: біржолғы өтемақымен 92 маман қамтамасыз етілді (оның ішінде -47 ауылда). 33 маманға қызметтік тұрғын үй бөлінді.

3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары

2-міндет. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту

Батыс Қазақстан бойынша Бірыңғай дистрибьютор арқылы 50 медициналық ұйым (стационар және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету) қамтамасыз етіледі. 2023 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілді: стационарлар-16,1 млрд.теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету-9,1 млрд. теңге.

4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту

1-міндет. Адамдардың денсаулықты таңдауы

Облыста 5 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді: «Демеу» жастар орталығы, «Қамқор» жастар орталығы, «Жастар» жастар орталығы, «Болашақ» жастар орталығы, «Жас Ұрпақ» жастар орталығы.

2023 жылы ЖДО-да 89274 адамды қамтитын 31710 іс-шара өткізілді: семинар-тренингтер – 229, қамту-11075; дөңгелек үстелдер – 11, қамту -542; ашық есік күндері-12; қамту –1654; денсаулық мектептеріндегі сабақтар - 149, қамту – 1231; ата-аналар жиналыстары-7, қамту-840; спорттық іс-шаралар-5, қамту-324; консультация/әңгімелер-31292, қамту -45250; 19597 дана ақпараттық-білім беру материалы таратылды, 1 бейнеролик таратылды.

Репродуктивтік денсаулық бойынша: жоғары және орта оқу орындарында, колледждерде, лицейлерде іс-шаралар өткізілді, оларға 22394 адам қамтылды, МСАК бойынша 87289 адам қамтылды, контрацепция бойынша 65378 адам қамтылды.

Облыс бойынша 23 МСАК ұйымында және 2 стационарда негізгі аурулар (қан қысымы, жүректің ишемиялық ауруы, астма, қант диабеті), ана мен баланың денсаулығын қорғау, мінез-құлық факторлары, отбасын жоспарлау және т.б. бойынша Денсаулық мектептері жұмыс істейді.По потреблению табака проведено 4032 мероприятий с охватом 12108 человек.

Салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау жөніндегі 40,9 млн. теңге бөлінді (суицидтің, АИТВ-инфекциясының, туберкулездің алдын алу.).

Балалардың арасындағы (0-14 жас) семіздікпен сырқаттанушылықты төмендету қөрсеткіші - 39,59 құралды 100 мың халыққа. Көрсеткіш қол жеткізілді (2023 жылдың жоспары-84,2%).

Дата публикации
23 января 2024